Ұлттар лигасы: Сырт алаңда ойнаймыз
Футболдан УЕФА ұлттар лигасының жеребе тарту рәсімі өтті.
Швейцарияның Ньон қаласындағы шарада жартылай финалға шыққан командалардың кездесу алаңдары таңдалды.
Оған сәйкес, Қазақстан мен Грекия арасындағы матч сырт алаңда болады. Егер жерлестеріміз жеңіске жетіп жатса, тағы да қарсыластар алаңында бақ сынайды. Яғни, Грузия және Люксюмбург кездесуінің жеңімпазымен жолығады.
Аталған ойындар алдағы жылы наурыздың 21 мен 26-сы күндері болады. Нәтижесінде, 2024 жылғы Еуропа чемпионатының жолдамалары сарапқа салынады.
Яғни, Магомед Адиев баптайтын жігіттер күні кеше Словенияда жіберген есені, енді дәл осы кездесулерде қайтара алады.
Өкініштісі, алдағы кездесуге ұлттық команда қорғаушысы Нұралы Әліп қатыстпайды. Ол өткен ойындарда ескерту көп алды. Ал, Бақтияр Зайнутдинов, Асхат Тағыберген, Бағдат Қайыров сияқты үздіктер жарақатынан толық жазылып, жасыл алаңға оралып үлгеруі қажет.