Тапаловқа талас көп

Тапалов Түркияда доп тебуі мүмкін. Қазақстандық Еркін Тапаловқа шетелдік футбол мамандарының қызығушылығы артты.

Өйткені, 30 жастағы футболшы мен петропавлдық «Қызылжар» арасындағы келсімшарт биыл жыл соңында аяқталады. Сәйкесінше, ол еркін агентке айналады. Осы мүмкіндікті түркиялық "Маниса" футбол клубы пайдаланып қалғысы келеді.

Бұл жөнінде спорт порталдары жарыса жариялауда. Яғни, «Маниса» оң қапталдағы қорғанысты күшейтуді көздейді. Бұл позицияға қазақ футболшысының қарым-қабілеті толықтай сай келеді.

Жоғарыда сөз болған команда Түркияның бірінші лигасында өнер көрсетеді және турнир кестесінде қазір 11-сатыда тұр. Бұған қоса, әртүрлі дереккөздер мәліметінше, ұлттық команда ойыншысына қазақстандық «Елім-ай», "Қайрат", "Ақтөбе" және "Астана" сиқяты клубтар да назар аударып отыр.