Теннис: Қазақстан мен Аргентина кездеседі

Теннис: Қазақстан мен Аргентина кездеседі
Аслан Қаженов

Бірер айдан кейін теннистен ерлер арасындағы командалық әлем чемпионаты Дэвис Кубогы жалғасын табады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Іріктеу каезеңі аясында жерлестеріміз Аргентина командасымен жолығатын болды. Шешуші матчтар сырт алаңда ұйымдастырылады. Ал жарыстың өзі ақпанның басында өтеді деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Қазақстан мен Аргентина осыған дейін өзара 2 рет ойнады және жалпы есеп әзірге тең. Яғни, 2011 жылы қазақстандықтар Буэнос-Айресте 0:5 есебімен есе жіберсе, 2017 жылы Астанада 3:2 есебімен жеңіске жетті. Юрий Щукин баптайтын жігіттер енді осы мүмкіндікті сәтті пайдаланып, әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдаманы жеңіп алуы керек. Оған толық мүмкіндік бар. Өйткені Қазақстан әлемдік рейтингте 13-ші, Аргентина 19-орында тұр. Ал биылғы жарыстың бас жүлдесі Италия құрамасына бұйырды. Олар күні кеше Дэвис кубогының финалында Аустралия командасымен кездесіп, айқын басымдықпен ұтты. 

ФОТО: Аслан Қаженов