Қазақстан Азия чемпионатын қабылдауы мүмкін
Азия чемпионатын қабылдауымыз мүмкін.
Республикалық киокушинкай-кан каратэ федерациясы алдағы жылдың жоспарын нақтылап жатыр және басшылығы жоғарыдағыдай ұсыныс барын алға артты. Аталмыш ұйым жуырда ғана Алматыда әлем чемпионатын өткізген болатын.
Айта кету керек, дүниежүзілік дода ұзақ үзілістен кейін, яғни араға 4 жыл салып қайта жанданды. «Саду Аренада» өткен байрақты бәсекеге 35 елден 700-ге жуық қатысушы жиналды. Олар 3 күн бойы өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде жалпыкомандалық есепте қазақстандық қыз-жігіттер топ жарды. Үздік үштікке Ресей мен Жапония құрамалары кірді. Енді осы тәжірибені негізге ала отырып, алдағы жылы Азия чемпионатын қабылдауға да мүмкіндік бар. Бірақ бұл жолы оны Астана не Алматы қаласында емес, өзге өңірлерде ұйымдастыру керек, - дейді мамандар