А. Тағыбергеннің голы үздік деп танылды

Футболдан ел құрамасының жартылай қорғаушысы Асхат Тағыбергеннің голы "үздік" деп танылды.

Теңбіл доп шеберінің Еуро-2024-ке іріктеу кезеңінде Дания командасының қақпасына жасаған сәтті соққысын жанкүйерлері жоғары бағалады. Осылайша, футбол сүйер қауымның дауыс беруі нәтижесінде қазақ баласы топ жарса, екінші және үшінші орындарға Албания ойыншыларының голы лайық деп ұйғарылды. Ал УЕФА-ның техникалық байқаушылары науқанның үздік 10 голы тізімінде Асхат Тағыбергенге 8-орын берді.