Қазақ қыздары әлем чемпионатында жүлдеге ілікті
Эстетикалық гимнастика бойынша дүниежүзілік дода Алматы қаласында өткен болатын.
Айта кету керек, байрақты бәсеке Азия құрлығында алғаш ұйымадстырылып тұр. Нәтижесінде, ұлттық командамыз жалпы есепте 2-ші орынға тұрақтады. Алматыдағы әлемдік алманға 16 елден 52 команда қатысқан болатын. Ересектер мен жасөспірімдер және аралас командалар арасында 8 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Айта кетейік, Қазақстанның эстетикалық топтық гимнастика федерациясы 2018 жылдан бері жұмыс істейді. Оның құрамына аккредитациядан өткен 13 спорт федерациясы мен 9 филиал кіреді.