Нұралы Әліп басқа клубқа ауыспайды

Санкт-Петеборлық «Зенит» қысқы үзілісте бірнеше ойыншыны ешқайда сатпай, өз сапында алып қалатыны белгілі болды.

Оның ішінде қазақстандық Нұралы Әліп те бар. Команда үздіктері осы маусымда Ресей чемпионаты мен кубогының бас жүлдесін жеңіп алуға көмектесуі керек делінген арнайы мәлімдемеде. Нұралы ресейлік клуб қатарына 2022 жылы қосылған болатын. Содан бері 22 матчқа қатысты. Әзірге мергендігімен көзге түсе қойған жоқ. Қос тарап арасындағы келісім 2025 жылдың маусым айына дейін жасалған. Transfermarkеt порталы жерлестіміздің трансферлік құнын 2 миллион долларға бағалап отыр. Айта кетейік, жуырда ғана Нұралы Әліпке «Манчестер Юнайтедтің» назары ауда деген ақпарат тарап, әлеуметтік желіде қызу талқыланған болатын.