Спорттық киімдер мен құралдар табысталды

Астанадағы №3 олимпиадалық резерв спорт мектебінде салтанатты шара өтіп, шәкірттері мен бапкерлеріне керек-жарақар берілді.

Оның ішінде алдағы маусымға қажетті киімдер жиынтығы бар. Аталмыш форманың дизаинын осы мектептің мамандары жасаған. Бұған қоса, жаттығу жұмыстарына қажет қолғап, қапшық, қорғаныс құралдары да сатып алынды. Алдағы уақытта спорттық залдардағы ринг, кілем және татамилерді де жаңарту жоспарда бар. «Осы арқылы балаларға барынша жайлы жағдай жасап, қосымша мотивация бергіміз келеді», - дейді мектеп басшысы Мақсат Аманғазұлы.

Айта кетейік, бұл мектепте бокс, күрес, дзюдо және ауыр атлетика бойынша жасөспірімдер мен жастар жаттығады. Ұлттық комадаға резерв дайындалады. Ал Астана қаласының әкімдігі мен спортқа жауапты басқармасы алдағы уақытта осы жұмыстарды тұрақты негізде жалғастырып, шаһардағы барлық спорт мектебі мен орталықтарындағы 6 мыңға жуық өренді керек-жарақпен қамтуды көздеп отыр.