Елордада боччадан Қазақстан Кубогы ұйымдастырылып жатыр
Ел үздіктері елордаға жиналды. Өйткені боччадан алғаш рет Қазақстан Кубогы ұйымдастырылып жатыр.
Байрақты бәсекеге 10 аймақтан 60-тан аса қатысушы келді. 11 және 14 жастағы өрендер енді 2 күн бойы өзара мықтыны анықтап, бас жүлдені сарапқа салады. Жарыстың ашылу салтанатында Сенат төрағасы әрі Қазақстан бочча федерациясының Президенті Мәулен Әшімбаев бүгінге дейін атқарылған жұмыстарды жіпке тізді. Оның ішінде ерекше айта кетері - биыл Қазақстан Халықаралық бочча федерациясының мүшесі болды. Сонымен қатар, ұлттық командамыз алғаш рет Азия пара ойындарына қатысып, жалпы командалық есепте 8-ші орынға тұрақтады.