Шаңғы спортындағы жағдай мүшкіл

Шаңғы спортындағы жағдай мүшкіл

Ал шаңғы спортындағы жағдай мүлде мүшкіл.

Дәл қазір Швецияның Эстерсунд қаласында әлем кубогы өтіп жатыр және қазакқстандық спортшылар оған жіберілмеді деген ақпаратты алдық. Кейін ұлттық команда өкілдері шаңғыларын тексеріске бермегені анықталды. Яғни қазір кәрі құрлықтағы жарыстарда спорттық құрылғыда фтор элементінің болмауын жіті тексереді.  

Міне осы талапты жерлестеріміз орындамаған. Атап айтқанда Константин Борцов пен Святослав Матасов 5 минутқа кешіккен. Ал Олжас Климин мен Денис Волотка мүлде келмеген. Міне осындай салғырттықтың кесірінен спортшыларымыз жарысқа қатыспады. Алдағы уақытта құзырлы министрлік пен жауапты федерацияға хабарласып, мәселенің мән-жайын анықтаймыз. Ал әйелдер арасындағы сында жерлестеріміз өнер көрсетті. Бірақ үздіктер қатарынан табыла алмады. Ең тәуір нәтиже Надежда Степашкинада. Ол жалпы есепте 48-ші орынға тұрақтады.