Зағип жандардың теннис турнирі жарыстар күнтізбесіне қосылды

Зағип жандар арасындағы үстел теннисі турнирі.

Республикалық жарыстар күнтізбесіне осындай жарыс қосылды. Көру қабілеті төмен жандар енді бас қосып, өзара мықтыны анықтайды. Жауапты федерация былтыр құрылып, биыл ресми тіркеуден өтті. Қазір 16 облыста бөлімшелері бар. Дүниежүзілік мүгедектер күні аясында Астанада ішкі біріншілік ұйымдастырылды. Оған 13 өңірден 40-тан аса қатысушы жиналды. 2 күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша әйелдер арасында шымкенттік, ерлер арасында елордалық спортшылар топ жарды.  Жарыстың басы қасындағылар Қазақстанға жаңадан келген спорт түрін насихаттап, ел үздіктерін халықаралық, құрлықтық және әлемдік додаларға шығаруға ұмтылады.