Елордада конкурдан республикалық жарыс басталды
Бүгін елордада Тәуелсіздік күніне орай «Арғымақ» ат-сауықтыру кешенінде конкурдан турнир басталды.
Кедергілерден секіру бәсекесі 4 санаттан тұрады. 100 сантиметрлік тосқауылдан қарғу бойынша әуесқойлар санаты және 12-14 жастағы балалар санаты, үшіншісі, 110 сантиметрлік 15-18 жас аралығындағы жасөспірімдер сайысынан тұрады. Ересектер 130 сантиметрлік биіктікті бағындыруға ұмтылады. Ат сайысы конкурдан биылғы қорытынды турнир болып саналады.
Ерлан Каналимов, қалалық Ұлттық және олимпиадалық ат спорты федерациясының президенті:
- Еліміздің әртүрлі аймақтарынан 50-ден астам ат спортшысы қатысып отыр. Турнирдың жалпы қоры – 12 млн теңге. Оның барлығы – федерация қаржылығынан жасалып жатқан дүние. Қала әкімінің қолдауымен бірге. Тәуелсіздік күніне арнайы істеп отырмыз. Өйткені тәуелсіздік – өзіміздің ерекше мерекеміз. Ғасырлар бойы жасап кеткен ата-бабаларымыздың арманы.