Астанада жартылай кәсіпқой бокс кеші өтеді
Футболшылар мен хоккейшілер жеңіс жолын енді боксшыларымыз жалғауы қажет.
Бүгін Астанада «Чемпиондар түні» деген атаумен жартылай кәсіпқой бокс кеші өтеді. Халықаралық бокс федерациясы ұйымадстыратын шарада 8 бірдей жекпе-жек болады және оның аясында ұлттық құраманың үздіктері өнер көрсетеді. Мәселен, 51 келіде әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай, 57 келіде тағы бір әлем чемпионы Махмұд Сабырхан шаршы алаңға шығады. Орта салмқатарда Серік Теміржанов, Дулат Бекбауов және ұлттық команда капитаны Асланбек Шымбергенов бағын сынайды. Бұған қоса кәсіпқой бокстағы Бекзат Нұрдәулетов пен Ерасыл Жақпеков те жұдырықтасады. Қарслыстары да мықты. Құрлықтық және әлемдік додаларда топ жарып жүрген боксшылар таңдалған. Атап айтқанда, Мексика, Нидерланды, Ресей, сербия және Өзбекстан өкілдерімен қолғап түйістіреді. Күні кеше салмақ өлшеу рәсімі ұйымдастырлды және барлық боксшы одан сәтті өтті.
Ал ең басты жекпе-жек қазақстандық Данияр Елеусінов пен сенегалдық Джабулани Макхансе арасында болмақ. Айта кетейік, Данияр ұзақ үзілістен кейін кәсіпқой рингке оралып отыр.
Жекпе-жек кеші жартылай кәсіпқой форматта болады. Яғни, боксшылар 3 минуттан тұратын 6 раундта өзара мықтыны анықтайды. Халықаралық бокс федерациясы жеңіске жеткен былғары қолғап шеберлеріне қомақты сыйақы тағайындап отыр.