Шавкат Рахмонов Стивен Томпсонды жеңді

Шавкат Рахмонов мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Файтер американдық Стивен Томпсонды 2-раундтың соңғы секундтарында қыл-қындыру әдісімен жеңді. Тартысты жекпе-жектен кейін Шавкат бұдан әрі айқасуға дайын екендігін мәлімдеді.

«Қуаныштымын! Титулға күресуге әбден лайықпын. Өз салмағымдағы белдіктің жеңімпазымен жекпе-жекке шығуға дайынмын», - деді ол. Осылайша отандасымыз 18-кездесу қатарынан қарсыласынан басым түсті.