Әлем кубогінде жүлде ілікті
Кезекті рет қолаға қол созды. Оңтүстік Корея астанасы Сеул қаласында шорт-тректен әлем кубогінің кезеңі өтті және қазақстандық Денис Никиша үшінші орынға тұрақтады.
Ұлттық команданың үздігі 500 метрге жүгіруде жүлдеге ілікті. Бұл сында алтын медальді қытайлық Шаоан Лю еншілесе, күміс жүлде кореялық И-Ра Сёға бұйырды.
Айта кетейік, бұл Денистің биылғы маусымдағы екінші қола жүлдесі. Бұған дейін ол Канаданың Монреаль қаласында өткен әлемдік аламанда да жеңіс тұғырына көтерілді. Ол кезде командалық эстафетада бағын сынаған болатын. Өкініштісі сол, Денистен басқа жерлестеріміз үздіктер қатарынан табыла алмады. Енді алда әлем кубогының қос кезеңі бар. Оны ақпан айында Германия және Побша елдері қабылайды. Нұрберген Жұмағазиев баптайтын қыз жігіттер осы аралықта дайындықты тыңғылықты пысықтап, бұдан да биік белестерді бағындыруға тырысады.