Қазақстандық боксшы азаматтығын ауыстырды

Қазақстандық боксшы азаматтығын ауыстырды

Қаазақстандық боксшы Венгрия азаматтығын алды.

Қостанайлық Владислава Кухта бұдан былай Мажарстан атынан өнер көрсетеді. Бұл ақпаратты боксшының өзі де, Қазақстан бокс федерациясы да ресми түрде растады.  Владислава аталған елдің ішкі біріншілігіне қатысып, чемпион атанып үлгерген. Енді Париж Олимпиадасына жолдамасы сарапқа салынатын турнирге дайындалып жатыр. «Биыл маңызды шешімдер қабылданған жыл болды. Өзімнің де, бапкерімнің де еңбегін жоққа шығарғым келмей, тәуекелге бардым. Енді мен Венгрия атынан сынға түсемін. Қазақстан әрдайым жүрегімде қалады», - дейді Владислава әлеуметтік желідегі парақшасына қалдырған жазбада.

Айта кетейік, ол олимпиадалық саналатын 60 келіде өнер көрсетеді. Тіпті Қазақстан чемпионатында 2 рет топ жарды. Ал отандық бокс федерациясының басшылығы оның қыркүйек айында ұлттық құрамадан кеткені туралы ақпарат берді.