«Ертіс» клубы қайта құрылады
«Ертіс» клубы қайта құрылып, Қазақстан чемпионатына оралады.
Бұл жөнінде Meta-ratings.kz. порталы мәлімдеді. Басынан дау арылмаған павлодарлық клубтың басшылығына жаңа мамандар келді. Олар қазір Қазақстан футбол федерациясымен келіссөз жүргізіп жатыр. Оның негізінде «Ертіс» 2024 жылы ішкі біріншілікке қайтадан араласа бастайды және екінші лигада емес, бірінші лигада өнер көрсетеді. Бұған қоса клуб басшылығы «Ертістің» бұрынғы ойыншыларымен және бапкерлерімен де қарыздарды қысқарту бойынша диалогты бастады. Басқа да төлмендердің мәселесі егжей-тегжейлі талқыланып жатыр, делінген хабарламада.
Айта кетейік, павлодарлық клуб 2020 жылы қарызға белшесінен батып, оның арты үлкен дауға ұласып, ақыры ішкі чемпионаттан кетуге мәжбүр болды.
ФОТО: Аслан Қаженов