Атырауда «Спорттық жүлде - 2023» марапаттау рәсімі өтті

Дәстүрлі шара барысында ел абыройын асқақтатып, жеңіс тұғырынан көрінген спортшылар

салауатты өмір салты мен дене шынықтыруды насихаттауға елеулі үлес қосып жүрген сала мамандары және ауыл-аймақтағы спорт мектептерінің тәлімгерлері марапатталды.

Салтанатты жиынға облыс әкімінің орынбасары Марат Мурзин және облыстық мәслихат депутаттары, спорт саласының үздіктері мен ардагерлері қатысып жиналғандарды құттықтады. Жыл қорытындысы бойынша «Спорттық жүлде – 2023» деп танылғандар 17 номинация бойынша мараптталды. Солардың бірі қазақ күресінен Әлем кубогының иегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ұлттық құраманың мүшесі Бекет Жүніс «жылдың үздік спортшысы» атанды. 

Бекет Жүніс, Қазақ күресінен әлем кубогінің иегері, "Жыл спортшысы":

- Мен үшін 2023 жыл өте жемісті болды. Мен Қазақстан кубогын және Әлем кубогын ұттым. Үлкен жетістіктерге жеттім. Алға қойған мақсатым Азия бірішіліктерін, әлем біріншіліктерін бағындыру, жеңіске жету. 5-дүние жүзі ойындары басталады, бұйырса, оған Қазақстан құрамасы тыңғылықты дайын. 

Бүгінде Атырау спортшыларының алдында тұрған басты меже жазғы пара олимпиада ойындарына дайындық. Бұған дейін пара-волейболшылар Париж олимпиадасына лицензия ұлып алған болатын. Қазақстан құрамасының сапында 7 атыраулық бар. Сондай-ақ, жеңіл атлетика, жүзу үстел теннисі мен таэквандо, каратэ және дзюдо секілді шығыс жекпе-жегінен топ жарып жүрген жұлдыздар баршылық. Демек,  облыс спортшылары да алдағы байрақты бәсекеден кенже қалмасы анық.

Данияр Қоспанов, облыстық денешынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы:

- 2024 жылы басқарманың алдына қойған үлкен міндеттерінің бірі-жазғы олимпиадаға тыңғылықты дайындығымызды жалғастырамыз. Атырау облысының спортшылары осы жазғы пара олимпиада ойындарына лицензия еншіледі, үздіктер қатарында Абужақынова Абиба қызымыз-дзюдо, Қуюлова Эсмигуль қызымыз-дзюдо, Талғат Сырбаз еркін күрестен осы үздіктер қатарында.  

Осылайша 2023 жылды қортындылған Атырау спортшылары болашаққа жаңа міндеттемелер белгілледі.  Жалпы, соңғы жылдары  өңірде кәсіби спортшыларды дайындаумен бірге бұқаралық  спорт түрлерін дамытуға ерекше көңіл бөліне бастады.  Биылдың өзінде 7 спорттық нысан пайдалануға берлісе, оның 4-уі аудан орталдықтарынан бой көтерді. 

Арыстанбек Кенже, Айбек Байзақов, Амантай Мәтенов