Бақтияр Артаев атындағы халықаралық турнир өтеді

Еліміздегі бокс бәсекелерінің қатары тағы біреуге артты.

Яғни, биылдан бастап елордада олимпиада чемпионы әлі Вел Баркер Кубогының иегері Бақияр Артаевтың құрметіне арналған турнир ұйымдастырылады. Жасөспірімдер арасындағы бәсекеге ресми жарыстар күнтізбесіне енді. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен және Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан сияқты көрші мемлекеттерден 300-ге жуық аса қатысушы жиналады деп күтіліп отыр. Байрақты бәсеке 2 жас деңгейі бойынша болады. Яғни, бас-аяғы 14 салмақта медалдар жиынтығы сарапқа салынады. Жүлдегі іліккен өрендерге қаржылай сыйақы табысталмақ.

Айта кетейік, Бақтияр осыдан тура 20 жыл бұрын, яғни, Афинада өткен жазғы ойындарда топ жарды. Оның алдында әлем чемпионаттары мен азия біріншіліктерінде бірнеше рет жеңіс түғырына көтеріліп, ел абыройын асқақтатты.