Талдықорғанда республикалық дзюдодан турнир басталды
Талдықорғандағы «Жастар» спорт сарайында дзюдодан 13-15 жастағы жасөспірімдер арасында «Қысқы демалыс» күндеріне арналған республикалық турнир басталды.
Бұл жолғы жарысқа еліміздегі республикалық маңызы бар үш қала мен барлық облыстан 1300-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Дәстүрлі турнир 4 күнге созылады. Еліміз бойынша өтетін спорттық іс-шаралардың күнтізбе жоспарына енгендіктен, жүлделі орынға іліккен жас дзюдошылар спорт шеберіне үміткер нормативін орындайды.
Әлинұр Құлмахамбет, жарысқа қатысушы:
- Енді бірінші схватканы ұттым. Әлі бір 7 схватка бар. Негізі дзюдоны мен 6 жастан бастадым. Чемпионат Казахстана бар. Отборда 3-орын алдым. Осы жолы да отбор болады. Құдай қаласа бірінші орын аламын. Жарыс маған ұнап жатыр. Күшті өтіп жатыр.
Қайрат Биназарұлы, төреші:
- Осы жас ерекшелігі бойынша қазан айында Өскемен қаласында ҚР чемпионаты өтеді. Соған әр өңір өзінің спортшыларын алып келіп, іріктеп жатыр десе де болады. Жарысымыздың деңгейі өте жоғары болып жатыр мына 4 татамида. Әр татамида халықаралық дәрежедегі төрешілер төрелік етіп жатыр.