Кореяда жасөспірімдер Олимпиадасы басталады
Жасөспірімдер Олимпиадасының салтанатты ашылу рәсімі
бүгін Каннын қаласындағы конькимен жүгіру спорт кешенінде өтеді. Алғаш болып жарыс жолына биатлоншылар шығады сондай-ақ, шорт-трекшілер 1500 мерде бақ сынаса, тұғырдан секіруден Қазақстан командасы да өз өнерін көрсетеді. Ал Хоккейшілеріміз алғашқы іріктеу турнирін Польша құрамасына қарсы өткізеді. Қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы биылғы жылдың 1 ақпанына дейін өтеді. Канвон ареналарында Қазақстан намысын спорттың бес түрі бойынша 41 спортшы қорғайды.
ЦИТАТА: Бәріңізді осында, жарыс өтетін жерде көргеніме қуаныштымын. Қаншама қонақ пен спортшылардың келгенін өздеріңіз көріп жатырсыздар. Барлығы 70-тен астам елден 1800-ге жуық спортшы бар. Сіздерге күнделікті тынымсыз еңбектің арқасында осында келудің сәті түсті. Отбасыларыңыз, жанкүйерлер мен бүкіл Қазақстан сіздерге көз тігіп, қолдау көрсетіп отыр. Айтарым, тек қана алға!
Ермек Маржықпаев, ҚР Туризм және спорт министрі:
Елена Рыбакина Australian Open турниріндегі аса тартысты кездесуде әлемнің 57-ракеткасы Анна Блинковаға есе жіберді. Алғашқы партияда ресейлік теннисші 6:4 есебімен жеңіске жетті. Ал екінші сет жерлесіміздің пайдасына шешілді. Үшінші шешуші ойын тай-брейкке дейін ұласып, Елена ресейлік қарсыласына жол берді. Ол 2 сағат 46 минутқа созылған матч кезінде тоғыз эйс пен екі қос қате жасап, жеті брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды. Осылайша былтыр Үлкен Дулыға турнирінің финалында ойнаған отандасымыз биыл екінші айналымнан аса алмады.
Биатлон: жастар арасындағы ел чемпионаты басталды
Щучинскіде биатлоннан жастар арасындағы ел біріншілігі басталды. Ел мықтысың анықтайтын бұл бәсекеде 150 ге жуық шаңғышы спринт, масс-старт және жекелей сын бойынша бақ сынауда. Алғашқы жарыс күнінің қорытындысы бойынша жасөспірім ұлдар арасында Ақмолалық Данил Червенко 12,5 шақырым қашықтықта өнер көрсетіп көш бастаса, жасөспірім қыздар арасынан 10 шақырым қашықтыққа Ульяна Ардалионова мәреге бірінші болып жетті. Ал жеткіншектер арасынан 12,5 км қашықтықта Вадим Середенко топ жарса, қыздар арасынан Эвелина Рыбалкина 1 ші болды. Жарыс нәтижесі бойынша өз жылдамдығы мен мергендігінің арқасында топтың алды болғандар Эстонияда өтетін жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына жолдама алады. Шаңғышылар бәсекесі 21 қаңтарда өз мәресіне жетеді.
Түркиялық футбол бапкері Тәліп Жан Бахтияр Зайнутдиновтың ойынына баға берді. Ол өзінің твиттер ресми парақшасында «Біз Қазақстан құрамасының үздік сұрмергенінен орталық қорғаушы жасап жібердік. Ол өзінің футболдағы техникасымен және мінезімен мықты. Бахтиер мен Сануч Тайип тамаша жұп құрды және кейінгі 3 ойында команда гол өткізбеді. «Браво, Батека» - деп жазба қалдырған.
Айта кетейік, Бахтияр өнер көрсететін Бешикташ ұжымы Түркия кубогының 1/16 финалында Эюспор клубымен кездесті. Ойынға жерлесіміз алғашқы минутта шығып, кездесу аяқталғанға дейін орталық қорғаушы позициясында өнер көрсетті. Сөйтіп команданың 4 те 0 есебімен жеңіске жетуіне көмектесті. Енді Фернанду Сантуш шәкірттері 20 қаңтар күні суперлига аясында Пендикспор клубымен кездеседі.