Президент Олимпиада чемпионын құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев жасөспірімдер арасындағы Олимпиадада тұғырдан шаңғымен секіру спортынан Қазақстан тарихындағы тұңғыш алтын медаль жеңіп алған Илья Мизерхты құттықтады.

Президент тілегін оның баспасөз хатшысы Берік Уәли жеткізді. Фейсбуктегі жазбада: «Мемлекет басшысы чемпионның әлі де талай жеңіс тұғырынан көрініп, биіктерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді. Сондай-ақ Канвондағы додаға қатысып жатқан отандық споршыларға табыс тіледі»,-деп жазды.