Спортшыларымыз Олимпиада жарыстарын бастады

Қазақстан мен Оңтүстік Корея туризм және спорт салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуды жоспарлап отыр.

Бұл мәселелер бүгін Оңтүстік Кореяның Каннын қаласында екі елдің тиісті ведомстволарының басшылары Ермек Маржықпаев пен Ю Ин Чонның кездесуінде талқыланды. Министрлер спорт университеттерінің өзара іс-қимылын және спорттық медицина мен тамақтану саласындағы тәжірибе алмасуды қарастырды. Ермек Маржықпаев әріптесіне Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысуға шақыртуын жеткізді.

Естеріңізге сала кетейін, жарыстар осы жылдың 8-14 қыркүйек аралығында Астана қаласында өтеді. Қазақстан Туризм және спорт министрлігінің басшысы Олимпиада нысандарын аралап, спортшыларымызға қолдау көрсетті. Бүгін еліміздің биатлоншылар, шорт-трекшілер және шаңғымен секіру командасы Олимпиадада алғашқы өнерлерін көрсетеді. Ал қазақстандық хоккейшілер бірінші іріктеу кездесуінде Польша құрамасын 18:8 есебімен жеңді.

Ермек Маржықпаев, ҚР Туризм және спорт министрі:

- Кеше жас өспірімдер арасында ресми түрде жас өспірімдер арасында олимпиадалық ойындар басталды. Төрт жылдың арасында бір рет өтетін спорттық іс-шара дейміз. 78 мемлекеттен 1800 спортшы келіп осы үлкен жиынға қатысып отыр. Біздің спортшыларымыз 41 адам 5 спорт түрінен келіп марапатқа жетеміз деп үміттеніп отырмыз.