Теннисші Әмір Омарханов Австралияда үшінші айналымға шықты

Теннисші Әмір Омарханов Австралияда үшінші айналымға шықты

Теннистен жасөспірімдер арасында Аустралияда өтіп жатқан

біріншілікте жерлесіміз Әмір Омарханов үшінші айналымға шықты. Алғашқы кездесуінде Әмір жарыстың 1-ракеткасы, италиялық Федерико Чинаны ұтып сенсация жасады. 16 жастағы теннисшіміз 2-айналымда ұлыбританиялық Виктор Фридрхпен шеберлік байқасты. Бірінші партияда отандасымыз қарсыласына есе жіберді. Ал екінші сет тай брейкке дейін ұласып, ұлыбританиялықтың жолы болмады. Шешуші үшінші партияда жерлесіміз 5 те 3 есебімен алға шықты. Ал матчтың соңында тағы бір брейк жасап, қарсыласынан 6 да 3 есебімен айласын асырды. Қарағанды теннис мектебінің түлегі келесі ойынын доданың 14-ракеткасы, кореялық Хён Кимге қарсы өткізеді.