Тоғызқұмалақтан ел чемпионаты басталды
Павлодарда тоғызқұмалақтан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр.
Оған елдің 17 облысынан 130-ға жуық спортшы қатысуда. Олардың ішінде 5 еңбек сіңірген спорт шебері, 23 спорт шебері және 74 спорт шеберіне үміткер бар. Үздіктер рапид және блиц турнирлерінде таңдалады. Әр номинация бойынша алтын және күміс жүлдеге қол жеткізгендер сәуір айында Түркияда өтетін Әлем чемпионатына жолдама алады. Жарыс қорытындысы 25 қаңтар күні белгілі болады.
Томирис Дәулетбек, жарысқа қатысушы:
- Тоғызқұмалаққа алтыншы сыныптан бері қатысып жүрмін. 11 жасымнан. Тоғызқұмалақ өте қызықты, тартысты ойын болғандықтан, мен осы ойынды жалғастырып келемін. Тоғызқұмалақта қарсыластарым өте көп, сол үшін дамудамын. Жақында Моңғолияда 2023 жылы өткен жарыста Азия чемпионы атандым. Қазақстаннан үшінші орын алған жетістігім бар.
Шәріп Қашкенов, жарыстың бас төрешісі:
- Мына жарыс биік дәрежесіне жетіп отыр. Енді мына бірінші, екінші орын алған балалар бізде рапит пен блицпен әлем чемоипнатында еліміздің атынан шығып ойнайды. Турцияда, Стамбулда, соған жолдама алады.