Үстел теннисінен үздік әскерилер анықталды
Елордада әскери-қолданбалы және ойын спорт түрлерінен Қазақстан Қарулы Күштерінің 21-ші спартакиадасы басталды.
Енді әскерилер төрт ай бойы спорттың 9 түрінен сынға түсіп өз ара мықтыны анықтайды. Алғаш болып жарыс шымылдығын үстел теннисшілері ашты. Сайыс олимпиадалық жүйе бойынша өтті. Ерлер арасындағы жекелей сында Әуе қорғанысы күштерінің жауынгері сержант Жовахир Жораев қарсылас шыдатпады. Ал тұғырдың екінші сатысына «Оңтүстік» Өңір офицері капитан Тоқтар Секенов тұрақтаса, Қола жүлде «Шығыс» Өңірінің офицері капитан Архат Асқаровқа бұйырды. Ал әйедер арасында «Шығыс» Өңірлік әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Құндыз Жұмықбаева үздік ракетка атанды. Күміс жүлде Әуе қорғанысы күштерінің намысын қорғаған сержант Шынар Әбдірахманова бұйырды. Ал Десанттық-шабуылдау әскерлерінің атынан шыққан қатардағы жауынгер Арзыгүл Исламова қоланы қанағат тұтты. Осы жарыста топтың алды болған жауынгерлер енді әскерилер арасында өтетін әлемдік бәсекелерде бақ сынайды.