Grand Prix Portugal 2024

Бүгін дзюдодан Қазақстан құрамасының балуандары Португалияның Одивелаш қаласында өтетін Гран-при турнирінде белдеседі.

Дүбірлі додада 92 елдің атынан 632 дзюдошы өнер көрсетеді. Оңтүстік Кореядан 28 спортшы қатысса, Португалия атынан 27 дзюдошы күш сынасады. Ал біздің елімізден ерлер және әйелдер құрамасынан барлығы 18 спортшы қатысады. Татами шеберлерінің арасында есімі елге мәлім Ержан Еренғайыпов, Жансай Смағұлов, Ислам Бозбаев, әйелдер арасында Абиба Абужақынова, Есмигүл Куюлова, Камила Берліқаш сынды дзюдошылар бар.

Айта кетейік былтыр Португалия Гран-приінде әйелдер арасында Абиба Әбужақынова мен Ғалия Тынбаева финалға шығып, өзара алтын мен күмісті бөліскен еді. Сондай-ақ, ерлер арасында Жансай Смағұлов күміс жүлде еншілеген болатын.