Елордада жеңіл атлетикадан Ә.Тұяқов атындағы халықаралық турнир өтті
Елордада алғаш рет жеңіл атлетикадан Әмен Тұяқов атындағы халықаралық турнир байрағын көтерді.
Додаға 45 елден 136 спортшы келген. Олардың қатарында олимпиада чемпиондары мен әлемдік рекорд орнатқан желаяқтар бар. Спорт кешенінде Қазақстан жанкүйерлер одағының өкілдері отандастарымызға қолдау көрсетіп, белсенділік танытты. Сонымен қатар турнирден соң трибуналарды тазалап, жанкүйерлік мәдениетті қалыптастыруға ниетті. Жаңадан құрылған бұл спорт ұйымы ұлттық құрама қатысатын барлық бәсекеден қалыс қалмайды.
Арман Кенжебек, Қазақстан жанкүйерлер одағының мүшесі:
- Қазақстан құрамасына жанкүйер болуға арнайы келдік. Көңіл-күй тамаша. Осындай бұқаралық спортты дамытуға, жалпы спортты, элиталық спорт түрлерін дамытуға елімізде көп жағдай жасалып жатыр. Сол үшін көпшілік осындай спорт түрлерін көруге, жанкүйер болуға, қолдауға келуіміз керек деп ойлаймын.