Ә.Тұяқов атындағы халықаралық турнир аяқталды
Елордада жеңіл атлетикадан Әмен Тұяқов атындағы халықаралық турнир өз мәресіне жетті.
Жарысқа 45 елден 136 спортшы қатысты. Оның ішінде 4 Олимпиада чемпионы, 10 әлем чемпионы, 3 Еуропа, 1 Азия чемпионы болды. Ал ел намысын 28 спортшымыз қорғады. Биіктікке секіруден Надежда Дубовицкая 190,3 метрді бағындырып турнирдің күміс жүлдегері атанды. Ал 184 метрге секірген Кристина Очинникова төртінші орынды қанағат тұтты. 60 метрге кедергілер арқылы жүгіруден Давид Ефремов төртінші орын алды. Вячеслав Земс 400 метрге жүгіруден ерлер арасындағы сында үшінші нәтиже көрсетті. Ұзындыққа секіруден Анатасия Рыпакова 8-орынға тұрақтады. 400 метрге жүгіруден әйелдер арасындағы бәсекеде Аделина Земс алғашқы төрттіке енді.