Қазақстандағы киберспорт: графика
Киберспортты халық арасында «компьютерлік спорт» немесе «электронды спорт» деп те атайды.
Қазақстанда бұл спорт түрі 2010 жылдан бастап қарқынды дами бастады. 2018 жылы елімізде Киберспорт федерациясы құрылды. 2017 жылы жазда отандық спортшылар алғаш рет PGL Major Krakow турнирінде жеңіске жетті. Бұл қазақстандық киберспортшылар үшін әлемдік бренд болды. Ол кезде Gambit Esports командасында 3 спортшымыз бақ сынады. 2020 жылы Еуропада өткен PUBG (паб-джей) Mobile Club Open – PMCO (пи-эм-си-оу) Spring Split жарысында қазақстандық KoninaPower бестігі топ жарып, тағы да жеңіс тұғырынан көрінді. Сол жылы IeSF (ай-и-эс-эф) World Championship бәсекесінде қазақстандық құрама қарсылас шақ келтірмей, тағы да биіктен көрінді. Жыл сайын Қазақстанда 100-ге жуық республикалық және аймақтық турнир ұйымдастырылады. Бұл жарыстарда 10 мыңнан астам жас киберспортшы бақ сынайды.
2017 ж. - PGL Major Krakow турнирі – 1 - орын
Gambit Esports командасы - 3 спортшы
2020 ж. - PUBG Mobile Club Open – PMCO Spring Split – 1 - орын
KoninaPower командасы – 5 спортшы
2020 ж. - IeSF World Championship – 1 - орын
Жыл сайын – 100 турнир
10 мыңнан астам киберспортшы
2022 жылы Қазақстан құрамасы Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына мүше мемлекеттер арасында өткен туринирде жеңіске жетті. Дүбірлі дода Ташкентте өткен болатын. Сонымен қатар жерлестеріміз Владивосток пен Қазанда өткен жарыстарда ел намысын қорғап, топ жарды. Бали аралында ұйымдастырылған әлем чемпионатында біздің спортшылар тағы да жеңіс тұғырынан көрінді. Өткен жылы Сауд Арабияда Dota 2 бойынша өткен әлемдік додада алғаш рет чемпион атанды.