Ел үздіктері анықталды
Астанада қазақтың "қара майоры" атанып кеткен Борис Керімбаевті еске алуға арналған грек-рим күресінен республикалық турнир мәресіне жетті.
Айта кету керек, ауған соғысының ардагері құрметіне алғаш рет осындай жарыс ұйымдастырылып тұр. Жасөспірімдер арасындағы бәсекеге 12 өңірден 250-ден аса қатысушы жиналды. 17 жасқа дейінгі өрендер 2 күн бойы 10 салмақта өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде жергілікті спортшылар жалпыкомандалық есепте топ жарды. Үздік үштікті Абай облысынан және Солтүстік Қазақстан облысынан келген палуандар түйіндеді. Атап айтқанда, жеңіл салмақтарда Нұрдәулет Құмарұлы, Сұңқар Зарап, Олжас Қамидуллин және Алпамыс Болатұлы сияқты өрендер алдына жан салмады. Орта және ауыр салмақтарда Әмірмұхаммед Қабдолов, Әбілмансұр Ахалбек, Ерсайын Секенов және Айдос Қайратовтар ерекше белсенділігімен көзге түсті. Осындай форматтағы турнирлер енді алдағы уақытта тұрақты өткізілмек.