Футбол: Қазақстан Суперкубогінің иегері Түркия жерінде анықталады

Футбол: Қазақстан Суперкубогінің иегері Түркия жерінде анықталады

Түркияның Анталия қаласында футболдан Қазақстан Суперкубогінің иегері анықталады.

Маусымашар жүлдені ел чемпионы «Ордабасы» мен Қазақстан кубогінің жеңімпазы «Тобыл» сарапқа салады. Ұйымдастырушылар биыл алғаш рет Суперкубокке халықаралық сипат беріп, шетелде өткізуді жөн көріпті. Жүлденің Түркияда ойнатылуының өзіндік себебі бар. Қазір елде футбол инфрақұрылымының жағдайы мәз емес. Ауа райының қолайсыздығы да өз әсерін тигізгені анық. "Тобыл" үшінші мәрте Суперкубокті ұтып алудан дәмелі. Қостанай командасы жақында "Ордабасымен" лига кубогында кездесіп есе жібергені белгілі. Сондықтан қарсыластарынан есе қайтаруға тырысады. Шымкент командасында жартылай қорғаушы Бауыржан Исламхан матчқа қатыса алмайды. Есесіне "Ордабасы" капитаны Асхат Тағыберген алаңға шығуға дайын.

Асхат Тағыберген, «Ордабасы» ФК капитаны:

- Екі команда да жанкүйерлеріміз үшін ойнаймыз. Ең өкініштісі сол, Қазақстанда өтпей жатқандығы. Жанкүйерлеріміздің жоқтығы. Екіншіден, өзіміздің Астана-Арена жабық болғандықтан, басқа стадиондар дайын болмағандықтан осы жақта өтті деп ойлаймын. Бір жағынан, футболшыларға ыстық ауа райында, жақсы алаңда ойнауға осы жақ қолайлы болды деп шештік. Оны енді барлығымыз қабылдаймыз. Алдағы матч бір финал ойнап тастадық Тобыл командасымен. Сәттілік біздің жағымызда болды.