Қазан қаласында «Болашақтың ойындары» аяқталды

Қазан қаласында «Болашақтың ойындары» кибер-бәйгесі өз мәресіне жетті.

Дүбірлі додаға Қазақстан атынан 48 спортшы қатысып, 13 спорт түрінен бақ сынады. Нәтижесінде бірнеше командамыз жеңіс тұғырынан көрінді. Атап айтсақ, xгод командасының құрамындағы 5 отандасымыз, контер страйк 2 және лазертаг ойынында жеңіске жетті. Финалда ресейлік құрамамен кездесіп, 2:0 есебімен басым түсті. Нәтижесінде 175 мың доллар жеңіп алды.  Одан бөлек, дота2, Стэндоф, ворд оф Тэнкс және кибер-хоккейде бақ сынаған отандастырымыздың да, бәсі жоғары болды.

Айта кетейік, сайысқа барлығы 2 мың спортшы қатысты. Жүлде қоры 10 млн долларға жетті.