Италияда бокстан лицензиялық турнир аяқталды

Сәкен Бибосынов Олимпиадаға барады

Нокдаун алғанына қарамастан жеңіске жетті. Италия төрінде бокстан лицензиялық турнир аяқталды. Ең батысты жекпе-жектердің бірі 51 келіге дейінгілер арасында болды. Бұл салмақта Париж олимпиадасының жолдамасын қазақстандық Сәкен Бибосынов пен ұлыбританиялық Киран Макдональд сарапқа салған болатын. Сәкен бірінші және екінші раундта өте белсенді қимылдап, айқын басымдық танытты. Ал кездесудің соңғы бөлігінде қарсыласы қарқынын үдетіп, қазақ боксшысы нокдаун алып қалды. Десе де жекпе-жектен кейін төрешілер жеңісті Сәкен Бибосыновқа берді. Қорытынды есеп: 4:1. Осылайша жерлесіміз өз кәсіпқой мансабында екінші рет жазғы ойындарға қатысқалы отыр. Бірінші рет 2021 жылы Токио олимпиадасында бақ сынап, қола жүлдегер атанған болатын. Ендігі арманы - алтынға қол созу.

Көптен күткен Олимпиада жолдамасы

30 жасында алғаш рет олимпиадаға барады. Бокстан Ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов Италиядағы лицензиялық турнирде барлық қарсыласын ұтып, қазақ жанкүйерлерін бір серпілтіп тастады. Өйткені, бұған дейін ол әртүрлі себептермен жазғы ойындарға қатыса алмай келді. Ақыры көптен күткен мүмкіндігіне  Брусто-Арсицио қаласында қол жеткізді. 71 келіге дейінгілер арасында жұдырықтасатын жерлесіміз ширек финалда әзербайжандық Сархан Алиевпен жолықты.

Айта кету керек, Сархан  аса тәжірибелі боксшы. 2021 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері. Соған қарамастан Асланбек айқын басымдықпен ұтты. Қорытынды есеп: 5:0. Осылайша алғаш рет олимпиада жүлдесіне таласуға мүмкіндік алды. Еске сала кетейік, Асланбек Шымбергенов былтыр Азия және Әлем чемпионында топ жарып, жеңімпаз атанған болатын. Енді жетіспей тұрғаны осы жазғы ойындардың алтыны.

Егіз боксшылар Олимпиадаға қатысады

Алдағы олимпиадада егіз боксшылар ел намысын қорғайды. Әңгіме ауыр салмақтардағы Айбек және Нұрбек Оралбайлар жайында. Олар Италиядағы лицензиялық турнирде сәтті өнер көрсетіп, Париж олимпиадасына қатысуға мүмкіндік алды. Жалпы жазғы ойындар тарихында бұндай жағдай 5-ші мәрте болайын деп тұр. Ең алғаш рет егіз былғары қолғап шеберлері 1936 жылғы Берлин олимпиадасында бақ сынаған. Одан кейін Мәскеу, Бейжің және Токио олимпиадаларында да осындай жағдалар қайталанды. Десе де қазақ боксында егіз сыңарлы мықты боксшылар біраз болды. Атап айтар болсақ, Генадий Головкин мен Максим Головкин, Серік Елеуов пен Берік Елеуов және  Санатәлі Төлтаев пен Саматәтәлі Төлтаевтар деген сияқты. Бірақ екеуі бірдей олимпиадаға қатысуы бірінші рет болайын деп тұр.