Ұлттық құрама Еуропа чемпионатына іріктеу аясындағы матчқа дайындалып жатыр

Төрт көзіміз түгел болды.

Қазақстан ұлттық құрамасы футболдан Еуропа чемпионатына іріктеу аясындағы кезекті мачтқа дайындалып жатыр. Бас бапкер Магомед Адиев бұл жолы 33 ойыншыны шақырған болатын. Негізгі команда 8 наурызда Дубай қаласында арнайы әзірлікті бастады. Бірер күн бұрын олардың қатарына Түркия чемпионатында ойнайтын Бақтияр Зайнутдинов пен Абат Айымбетов қосылды. Сонымен қатар, санкт-петерборлық «Зенитте» өнер көрсететін Нұралы Әліп те командаға келгені туралы да ақпарат бар. Бірақ,  Нұралы алдағы кездесуге қатыса алмайды. Өйткені, алдыңғы матчтарда ескертуді шамадан тыс көп алды. Ал, енді оны оның орнына кім шығатыны әзірге белгісіз. Дәл сол Дубай қаласында ұлттық құрамамен Қазақстан футбол федерациясының басшылығы кездесіп, матч алдындағы мақсатты тағы бір нақтылады. Ал, бірер сағат бұрын ұлттық командамыз аладоп аламаны өтетін Афина қаласында жеткендігі туралы мәлімет шықты. Еске сала кетейік, Қазақстан мен Грекия арасындағы матч 21-ші наурызда болады. Оған паралель Грузия мен Люксембург командалары өзара мықтыны анықтайды. Аталған 4 құраманың біреуі ғана 2024 жылғы Еуропа чемпионатына жолдама алады.

Тең нәтижені ұстап, пенальтилер сериясына жеткізу керек. Қазақстан мен Грекия арасындағы матчта осылай ғана жеңімпаз атана аламыз. Бұл жөнінде ұлтық құраманың ардагері және танымал футбол маманы Болат Есмағамбетов мәлімдеді. Оның айтуынша, Афина қаласында өтетін ойында алаң иелері айқын фаворит. Бұған қоса, жергілікті жанкүйерлердің де қолдауы бар. Сондықтан, олар ә дегеннен басымдықты қолға алып, ірі есппен жеңіске жету үшін барын салады. «Ал, біздің жігіттер кішкене мүмкіндігін барынша тиімді пайдалану қажет. Әрине, бас бапкеріміз оны жақсы біледі және өзіндік жоспары да бар. Жаттығу жиындары соған сәйкес, яғни, ойдағыдай өтті деген деген үметтемін» - деді Болат Есмағамбетов. «Тағы қайталап айтайын, гректер өте мықты команда. Олар іріктеу кезеңінде Франция мен Нидерландының тобына түсіп қалды. Енді осы мүмкіндігін жібермеуге тырысады» - деп сөзін түйді футбол ардагері вести кз порталына берген сұхбатында.

Жігіттер физикалық формасын жоғалтпай, жоғары деңгейде ойнап шығуы қажет. Грекия құрамасының бас бапкері Густаво Пойет  осындай мәлімдеме жасады. Алаң иелері де алдағы матчқа қызу дайындылап жатыр. Бірер күн бұрын негізгі командаға Христос Цолис, Анастасиос Хацигиованис және Димитриос Курбелис сияқты айтулы ойыншылар қосылды. «Дайындық ойдағыдай жүріп жатыр. Біз Қазақстан құрамасы туралы барлығын білеміз. Олар айтарлықтай өзгеріс жасай қоймасы анық. Соған арнайы дайындық жүргіздік және өз алаңымызда жеңіске жетуге барымызды саламыз» - деп сөзін түйіндеді Пойет. Қазақстан мен Грекия құрамалары кездесетін "Айя-София” стадионында ине шаншыр орын болмай деген ақпарат бар. Өйткені, қазірдің өзінде 18 мыңнан аса билет сатылып кеткен. Сонымен қатар, жаңа ғана матчқа төрелік ететін маманның де есімі белгілі болды. Ол нидерландтық Данни Маккели. Маккели Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы, бұған қоса Әлем чемпионаты және Еуропа чемпионатында жұмыс істеген тәжірибелі төреші.

Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына шыққан жағдайда кемі 4 жарым миллиар теңге пайда табады. Еуропа футбол қауымдастықтарының одағы құрлықтық додаға қатысушыларға арналған төлемді бекітті. Байрақты бәсекеге бас-аяғы 331 миллион еуро қарастырылып отыр. Атап айтар болсақ, әр жеңіске 1 млн еуродан беріледі. Ал тең ойнаған жағдайда бұл соманы екі командаға бөледі. Тіпті, топтық кезеңдегі үш матчта да жеңіліп қалған құрамалардың өзі құралақан қалмайды. Яғни,чемпионатқа қатысқаны үшін ғана 9 миллион 250 мың еуро көлемінде сыйқаы төленбек. Оны ұлттық валбютаға шаққанда 4 миллиард 500 миллион теңгені құрайды. Ал топтан шыққан жағдайда бонустық түсім, сәйкесінше, өсе береді. Алайда ол үшін Қазақстан құрамасы ең алдымен Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне өтуі керек. Айта кетейік, біздің жігіттер қазір ел тарихында алғаш рет Құрлықтық додаға қатысуға бір табан жақын тұр.

Болашақ чемпиондарды бала жастан тәрбиелеу қажет. Осындай мақсат ұстанған елордалық мамандар 10-11 жастағы өрендер арасындағы халықаралық турнир ұйымдастырмақ. Ерекшелігі сол – балалар бәсекесіне еліміздің үздік командаларынан бөлек, мәскеулік «Спартак», ташкенттік «Бунеткор» сиқяты айтулы академиялардың шәкірттері де қатысады. Олар елорда төрендегі Футбол үйінде 3 күн бойы өзара мықтыны анықтайды. Яғни жарыс 23 наурызда басталып, 26 наурызға дейін жалғасады. Балалар бәсекесіне Қазақстан футбол федерациясының халықаралық дәрежедегі төрешілері қызмет етеді. Айта кету керек, осы жас деңгейіндегі балалардың халықаралық турнирі Астанада алғаш өткізілгелі тұр. Алдағы уақытта оны тұрақты ұйымдастырылып, ауқымы мен фороматын кеңейте түсеміз дейді жоба авторы Еркебұлан Жомарт.

Еркебұлан Жомарт,  жарысты ұйымдастырушы

Ерхан Жұмақан, жарысқа қатысушы