Елордада балалар арасында футболдан халықаралық турнир өтеді
Болашақ чемпиондарды бала жастан тәрбиелеу қажет.
Осындай мақсат ұстанған елордалық мамандар 10-11 жастағы өрендер арасындағы халықаралық турнир ұйымдастырмақ. Ерекшелігі сол – балалар бәсекесіне еліміздің үздік командаларынан бөлек мәскеулік «Спартак», ташкенттік «Бунеткор» сияқты айтулы академиялардың шәкірттері де қатысады. Олар елорда төрендегі Футбол үйінде 3 күн бойы өзара мықтыны анықтайды. Яғни жарыс 23 наурызда басталып, 26 наурызға дейін жалғасады. Балалар бәсекесіне Қазақстан футбол федерациясының халықаралық дәрежедегі төрешілері қызмет етеді. Айта кету керек, осы жас деңгейіндегі балалардың халықаралық турнирі Астанада алғаш өткізілгелі тұр. Алдағы уақытта оны тұрақты ұйымдастырылып, ауқымы мен форматын кеңейте түсеміз дейді жоба авторы Еркебұлан Жомарт.
Еркебұлан Жомарт, жарысты ұйымдастырушы
Ерхан Жұмақан, жарысқа қатысушы