Ұлттық спорт дәріптелген күн. LIVE
Бүгін Ұлттық спорт күні.
Осы орайда Ақтөбе тұрғындары арқан тарту, асық ату, гір көтеруден бақ сынап жатыр. Ал «Өнер орталығының» алдында ат жарыс өтеді деп жоспарланған.
Әнуарбек Мырзатайұлы, тілші:
Қайырлы күн, Жанар! Біз қала ортасындағы «Өнер орталығы» ғимаратының алдында тұрмыз. Алаңда ұлттық спорт күніне орай бірқатар шара өтіп жатыр. Атап айтқанда, арқан тарту, гір көтеру, қол күресі, асық ату және ләңгі тебуден жарыстар ұйымдастырылды.
Міне өздеріңіз көріп отырғандай, әр ойын түріне қатысып бақ сынап жатқандар бар. Бірқатар спорт мектебінің тәрбиеленушілері де келген. Ал жүлдегерлер кейін анықталатын болады. Сәлден кейін мұнда сән-салтанаты жарасқан 30 атты спортшы келмек. Олар қазір облыс орталығының басты көшесі - Әбілқайыр хан даңғылымен жүріп келеді. Сосын осында аялдап, аударыспақ және тағы басқа ойын түрлерін паш етеді.
Дархан Темірханов, облыстық ұлттық спорт түрлерінен БЖСМ директоры:
- Айта кетейік, ұлттық спорт күніне арналған шаралар бүгін таңнан бері қаланың бірнеше жерінде өтіп жатыр. Кез келген тұрғынның қатысуына да мүмкіндік бар. Асық атып, ләңгі тебуден өзге тоғызқұмалақ секілді зияткерлік ойында да бақ сынап көруге болады. Дәл осындай спорт түрлері 22 наурыз күні өтетін үлкен мейрам барысында да кеңінен дәріптелмек. Ол кезде тек қазақ күресі мен қошқар көтеру сайысының жеңімпаздарына жүлде табысталатыны белгілі болып отыр.