Канело: Атырау, Орал, мен сендермен біргемін
Атырау, Орал, мен сіздермен біргемін. Қазақстан халқы үшін дұғадамын.
Кәсіпқой боксшы Сауль Альварес әлеуметтік желідегі парақшасына осындай жазба қалдырды. Мексикалық былғары қолғап шебері су тасқынынан зардап шеккен адамдарға амандық тілеп, уайымдап отырғанын жеткізген. Тіпті парақшасына көк туымызды да шығарып қойды. Айта кетейік, абсолютті әлем чемпионы атыраулық Suleimen Promotions компаниясымен тығыз жұмыс істейді. Әсіресе Абылайхан Жүсіпов, Әбілхан Аманқұл, Евгений Павлов және Бек Нұрмағамбет сияқты боксшыларымыз жылына бірнеше рет Канелоның жаттығу залына барып, шеберлік шыңдап қайтады. Сол жақта кезекті қарсыластарын анықтап, жекпе-жектерін де өткізіп жүр. Тіпті былтыр желтоқсанда Сауль Альварес елімізге қонақ ретінде келеді деген де ақпарат шықты.
5 мыңнан аса қап төселіп, 2 шақырымдық бөгет жасалды. Спорт саласының мамандары да демалыс күндері су басу қаупі бар аймақтарға аттанып, алдын-алу шараларына белсенді араласты. Министр Ермек Маржықпаевтың өзі ведмостводағы орынбасарлары және комитет төрағаларымен бірге Ақмола облысы Аршалы ауданы Жібек жолы ауылына арнайы барып, қолдарына күрек алды. Бас-аяғы 300-ден аса ерікті, оның ішінде министрліктің және оған бағынысты ұйымдардың қызметкерлері бар, жергілікті тұрғындармен бірге өзен жағасын нығайту, бөгеттер салу және елімекеннің негізгі көшелерін тазалау жұмыстарын жүргізді. Аталмыш іс-шараға арнайы техникаларды да жұмылдырды.
ЦИТАТА: Ермек Маржықпаев, ҚР Туризм және спорт министрі
«Бұл елдімекен бекер таңдалған жоқ. Дәл қазіргі уақытта Жібек жолы ауылын су басу қаупі бар. Мұнда сақтық шаралары барынша қатаң түрде жүргізіліп жатыр. Бұған министрлік ұжымы да айтарлықтай атсалысты. Біз бірнеше топқа бөлініп, құмнан бөгет тұрғыздық».
Айта кетейік, еліміздің өзге өңірлерінде де дәл осылай спорт саласының 8 мыңға жуық өкілі қолдау көрсетіп жатыр. Олар суды сорып, жолдарды тазалап, топырақ тастауға көмектеседі. Бұған қоса, 32 спорттық федерация қызыл судан зардап шеккендерге материалдық көмек көрсетті. Ал 6 федерация қаржылай қолдау танытты. Тағы бір айта кетерлігі, 5 облыста 13 спорт нысаны су астында қалған. Аталмыш ғимараттар қысқа мерзімде қалына кетіріліп, жұмысын бұрынғы тәртіпте жалғастыраты деді салаға жауапты мамандар.
Ерғали Шәмей, парадзюдодан әлем чемпионы
Күрес түрлерінен Азия чемпионаты
Қоржынымызда 4 қола. Көрші қырғыз елінде күрес түрлерінен Азия чемпионаты жалғасып жатыр. Өткен демалыс күндері әйелдер арасындағы бәсекелер болды. Нәтижесінде, 4 спортшымыз жеңіс тұғырына көтерілді. 4-еуі де қола жүлде жеңіп алды. Атап айтқанда, Диана Каюмова, Эльмира Сыздықова, Лаура Алмағанбетова және Анастасия Панасович өз салмақтарында үздік үштікті түйіндеді. Айта кету керек, Бұл соңғы 4 жылдағы Азия чемпионаттарындағы ең төменгі көрсеткіш. 2018-2019 жылдардағы құрлықтық додада да бірде бір қызымыз финалға шықпаған болатын. Араға 5 жыл салып сол нәтиже қайталанып отыр. Айта кету керек, негізгі командамыз дәл осы Бішкек қаласында өтетін лицензиялық жарысқа қатысады. Байрақты бәсеке Азия чемпионатынан кейін, яғни 19 сәуірде басталады. Қазақ қыздары Қырғызстандағы іріктеуде көбірек жолдама алуды көздеп отыр. Одан кейін тағы бір мүмкіндік бар. Париж олимпиадасының алында Түркия елінде лицензиялық әлемдік аламан өтеді.
Қазір ұлттық құрама қоржыныдағы лицензиялар саны 32-ге жетті. Соңғысын марафоншы Жанна Мамажанова иемденді. Ол күні кеше Нидерландының Роттердам қаласындағы жүгіру жарысына қатысты. Марафонға бас-аяғы 17 мыңнан аса адам жиналды. Жерлесіміз араларынан мәреге тоғызыншы болып жетті. Ол 42,1 шақырымды 2 сағат 26 минут 42 секундта бағындырып, Қазақстан рекордын тіркеді. Сәйкесінше Париж Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік алды. Осылайша қазақстандық спортшылар әзірге 12 спорт түрінен 32 жолдама жеңіп алды. Жазғы ойындарға дейін оның санын 70-тен асыру жоспарланып отыр.
Әлем үздіктері Түркістанға жиналды. Бұнда сурдо дзюдодан дүниежүзідік дода өтіп жатыр және, айта кету керек, байрақты бәсеке жерлестеріміз үшін сәтті басталды. Қазақстандық қыз-жігіттер әлем чемпионатының алғашқы күнінде 2 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль ұтып алды. Нақтырақ айтқанда, 73 келіге дейінгі салмақтағы Шадияр Қуандық пен 66 келіге дейінгі салмақтағы Алтынбек Какитаев қарсылас шақ келтірмеді. Ал, 57 келідегі Дина Иржанова, 60 келідегі Ерсін Болатов және 66 келіде белдескен Нұрмұхаммед Әлдібек күміс жүлдеге ие болса, 52 келіде өнер көрсеткен Фериде Караоглы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Қазақстан сурдо дзюдо федерациясы мен Қазақстан Сурдлимпиада комитетінің ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан әлем біріншілігіне 18 елден 200-ге жуық спортшы қатысуда.
Қуаныш Мұқаш, ҚР Сурдодзюдо федерациясының президенті:
- Осы жылы Иранда өтетін әлем чемпионатын біз өзіміз бастама көтеріп, Түркістанда қаласында өткізіп жатырмыз. Қазіргі таңда 150 жуық азамат сурдодзюдомен айналысады. Қазақстан құрамасына кірген 25 спортшымыз бар. Осы әлем чемпионатында олардың бәрі күресіп жатыр.