Қазақстан сурдо дзюдодан әлем чемпионатында көш бастады
Қазақстандық сурдо дзюдошылар Түркістанда өтіп жатқан әлем чемпионатында көш бастады, деп хабарлайды 24KZ.
Бәсекенің алғашқы күнінде еліміздің қыз-жігіттері 2 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль ұтып алды. 73 келіге дейінгі салмақта белдескен Шадияр Қуандық пен 66 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Алтынбек Какитаев жарыста қарсылас шақ келтірмеді.
Қазақстан сурдо дзюдо федерациясы мен Қазақстан Сурдлимпиада комитетінің ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан әлем біріншілігіне 18 елден 200-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Жарыс 14 сәуірге дейін жалғасады.
Қуаныш Мұқаш, ҚР сурдо дзюдо федерациясының президенті:
- Осы жылы Иранда өтетін әлем чемпионатын біз өзіміз бастама көтеріп, Түркістанда қаласында өткізіп жатырмыз. Қазіргі таңда 150 жуық азамат сурдо дзюдомен айналысады. Қазақстан құрамасына кірген 25 спортшымыз бар. Осы әлем чемпионатында олардың бәрі күресіп жатыр.