«Болашақтың ойындары» 2026 жылға шегерілді
"Болашақтың ойындарын" өткізу уақыты 2025 жылдан 2026 жылға ауыстырылады.
Бұл туралы Спорт және туризм министрлігі мәлімдеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқыны салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету үшін қаржыны үнемдеу мақсатында елімізде өтетін ірі іс-шараларды кейінге шегеруді тапсырған болатын. Осылайша, биыл күзде ұйымдастырылатын V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу шығындары оңтайландырылады. Сондай-ақ «Болашақтың ойындары» халықаралық мультиспорт турнирі кейінге шегеріледі.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы ақпанда Президент Татарстанның Қазан қаласында өткен бұл доданың ашылу салтанатына қатысып, келесі жылы оның Қазақстанда өтетінін мәлімдеген еді.