Ат жарысы маусымы ашылды
Алматы қаласында ұлттық спорт қауымдастығының қолдауымен биылғы жылдың алғашқы ат жарысы өтті, деп хабарлайды 24KZ.
Дүбірлі додада елдің түкпір-түкпірінен жиналған 70 сәйгүлік қатысты. Шабандоздар 9 түрлі аталым бойынша сынға түсті. Қатысушылар мың метр қашықтықтан бастап, 2 мың метр аралығында сынға түсті. Жарыстан түскен қаражат су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге аударылады. 1000 метр қашықтықта жеңімпаз атанған Мэрайя атты жылқының бапкері Рамазан Амангелді өзі баптаған сәйгүліктің үмітін ақтағанын айтты.
Рамазан Амангелді, бапкер:
- Аттың есімі – Мэрайя. Қазақстанда туған. Өзіміздің болған арманымыз импорттарға шауып көру керек, ұтуымыз керек деп. Қосып көрдік, байталымыз намысымызды тастамады. Ұтып берді. Биыл өте жақсы дамып жатыр. Адам жиналып, керемет болып жатыр. Әрі қарай дами берсін.
Мақсат Ахаев, Qazaq Jockey Club төрағасы:
- Бұл жерге қатысатын аттардың барлығы тек қана құжаттарымен қатысады. Таза қанды ағылшын, таза қанды араб болмаса, ақылтеке деген құжаттар ДНҚ сараптамасынан келгеннен кейін ғана қатыса алады.