Қызылордада шахмат турнирі басталды
Жүзден астам жас ұлан шеберлігін сынға салатын сайыс облыс орталығының 5 мектебі мен Жалағаш және Шиелі аудандарында өтіп жатыр.
Шахмат федерациясы алдағы 3 жылда өңірдегі бастауыш сынып оқушыларының 20 пайызын зияткерлік ойынға баулуды жоспарлап отыр. Осы мақсатта «Абай» атындағы мектеп-гимназияда қажетті жиһаз және жиынтық құралдарымен жабдықталған шахмат сыныбы ашылды. Алдағы оқу жылында республиканың 350 білім ұясында спорттық бөлме жасақталып, мұғалімдер арнайы даярлық курсынан өтеді.
Сұлтанкүл Тұяқбаева, ҚР Шахмат федерациясы облыстық филиалының атқарушы директоры:
- Шахмат сыныбын ашуды осыдан 4 жыл бұрын жоспарлағанбыз. Сол жоспар бүгін іске асып отыр. Қазақстан шахмат федерациясының үлкен мақсаты балаларды шахматқа баулу. Неғұрлым көп бала қатысса балалардың өсу жолы жақсы болады деп ойлаймын. Осындай сыныптарды барлық мектептерде ашуға федерация жұмыс істеп жатыр.