Юлия Путинцева Римдегі турнирдің екінші айналымына өтті

Юлия Путинцева Римдегі турнирдің екінші айналымына өтті
Римде (Италия) WTA 1000 (топырақ төсеніші) санатындағы турнир өтіп жатыр. Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева бірінші айналымдағы кездесуін өткізді.

Юлия Путинцева (№41 WTA) алғашқы матчта корт иесі Мартина Тревизанды (№87 WTA) 6:3, 6:4 есебімен ұтты. Қазақстандық теннисші жеке кездесудегі есеп бойынша алға шықты – 2:1.

Матч 1 сағат 42 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Путинцева төрт эйс пен бір рет қос қателік жасап, сегіз брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.

Zakon.kz