Эверестті бағындырған қыз

Непалдан сүйінші хабар жетті. Тарихта тұңғыш рет қазақ қызы Анар Бурашева Kazakh Everest Team командасының құрамында әлемнің ең биік шыңы Эвересті бағындырды.

Біздің спортшылар базалық лагерден жер шарының биік нүктесіне дейінгі жолды 5 тәулікте жүріп өткен.

8000 метрден жоғары биіктіктегі дауыл мен боранның кесірінен шыңды бағындыруға ниеттенген экспедиция мүшелерінің көпшілігі бағытынан кері қайтты. Тек бес елдің альпинистері Эверестке сәтті көтеріле алды.

Анармен бірге Қазақстан альпинисі Мақсұт Жұмаев та шыңға шықты. Бұл оның Эверест шыңын осымен үшінші рет бағындыруы.

Осылайша Анар Бурашева мен Мақсұт Жұмаев әлемдегі ең биік шыңға еліміздің мемлекеттік туын тікті.