Алматылықтар шыңға шықты
Алматыда 300 адам шыңға шықты. Шараға қатысушылар «28 гвардияшы-панфиловшылар» атындағы шыңға жету үшін 15 шақырым жолды жаяу жүріп өтті.
Іле Алатауының биік нүктелерінің бірі теңіз деңгейінен 4120 метр биікте орналасқан. Дәстүрге айналған альпиниада биыл Жеңіс күніне арналды. Әрі ол туризмді дамытуды көздейді.
Қажетті заттарын артынып-тартынған альпинистер таңсәріден жолға шықты. Негізгі бағыт "Медеу" мұз айдынынан басталды. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қалалық құтқару және жедел-жәрдем қызметі кезекшілік ұйымдастырды.
Әсем Елемесова, қала тұрғыны:
- Былтыр қатыстым. Арнайы дайындық жоқ, бірақ апта сайын тауға шығамын. Негізі тауға шыққанды жақсы көремін. Медитация сияқты.