«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесіне қатысушы командалар Павлодарға аттанды

«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесіне қатысатын командалар Қостанайдан Павлодарға аттанды.

500 шақырымдық ат аламаны 19 мамырда Керекуден басталады. Жарыс шарты бойынша шабандоздар күніне жүз шақырымды шауып өтіп, 24 мамырда Астанаға жетуі тиіс. Биыл дүбірлі додаға әр өңірден 20 команда қатысады. Әрқайсысы бес сәйгүліктен қосады. Соның кем дегенде үшеуі мәреге жетуі керек. Жүлдегер үш команда дүниежүзілік көшпенділер ойынына қатысу мүмкіндігіне ие болады. Шығарып салу рәсіміне жиналған қауым шабандоздарға сәттілік тілеп, ақ батасын берді.

Нұрбол Әбдірахманов, облыстық ат спорты федерациясының вице-президенті:

- Үмітіміз мол. Аттардың дайындығы жаман емес. Әлгі «арық айтып, семіз шық» дейді ғой. Енді бір нәтижеге ілігеміз деген сеніміз мол. Қостанай жылқы тұқымы біздің осы үш командаға келісіліп, Ақмола облысына мына қыздар командасы Томирис соған бес ат беріп жатырмыз. Мынау Солтүстік Қазақстан облысына Қостанай жылқы тұқымынан бес ат беріп жатырмыз.