Ат құлағында ойнаған қазақ спортшылары Түркияда өнер көрсетті

Қазір ат спорты шеберлерінің біразы Түркияда жүр.

Олар мәдени этноспорт фестиваліне қатысып жатыр. 

Мұндағы бір мақсат - Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына шақыру әрі насихаттау. Түркиядағы фестивальде ат құлағында ойнаған қазақ спортшылары өнер көрсетті.

Меруерт Қанағат, тілші:

- Түркияның Ыстамбұл қаласында 6-этноспорт мәдени фестивальі басталды. Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының ұйытқысымен ұйымдастырылып отырған фестиваль төрт күнге созылады. Ыстамбұл Ататүрік әуежайында өтетін халықаралық шарада 30 елден келген мыңнан астам спортшы қатысады. Елімізден аударыспақ және теңге ілу федерациясының спортшылары өнер көрсетеді. 

Азат Түлкібай, спортшы:

- Өзіміздің барынша өнерімізді көрсетуге келдік. Мақсатымыз, түріктерге және басқа да ұлттарға V. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына шақырту мақсатында теңге ілу өнерін көрсетеміз.

Қонақтарға күзде Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары стилінде безендірілген қазақстандықтар тіккен киіз үй бой көтеріп тұр. Айта кетерлігі, ұйымдастырушылар Ыстамбұлдағы шараға 1 млн кісі келеді деп болжап отыр.

Абылай Қоңдыбаев, Көшпенділер ойындары дирекциясы басшысының орынбасары:

- Өзіміз делегациямен келдік. Көшпенділер ойындарын өткізу бойынша  Дирекциясы қызметкерлері. Негізгі біздің мақсатымыз, осында түркі еліне, түркі халқына өзімізде өтетін  Көшпенділер ойындарының үгіт- насихат жұмыстарын жүргізу, ол ойындар бойынша ақпараттандыру және осы қыркүйек айында болатын Көшпенділер ойындарына барлығын шақыру. Өйткені, түрік халқын көшпенді халықтардың бірі болыр табылады.

Меруерт Қанағат, тілші:

- Қазақ батырлары да халықаралық фестивальге арнайы келіп тұр екен. Бойлары еңгезердей. Бахадурлардың бейнесі, көрінісі шетелдіктерлі таңқалдырмай қоймайды. Батырларда көрген түрік жұрты олармен бірге суретке түсу үшін кезекте тұр. 

- ⁠Қалай қазақтың батырлары? 

Уғур Өзэрен, қала тұрғыны:

- Таңқалып, қызыға қарап отырмыз. Төл тарихымызды еске салды. Арнайы балаларымды алып келдік. Олар да мәз.

Айта кетерлігі, фестивальде дәстүрлі спорт түрлері бойынша сайыстар, ұлттық салт-дәстүрлер, қолөнер бұйымдары мен ұлттық тағамдар көрмесі өтіп, дәстүрлі әндер орындалып,  балалардың ұлттық  ойындары ойналмақ. Еске сала кетейік, халықаралық шара төрт күн бойы жалғасады.