Қазақстандықтарға VI Этноспорт мәдени фестивалінде жоғары баға берілді
Ат үстінде атой салған қазақ жігіттері Анадолы жұртын таңқалдырды, деп хабарлайды 24kz.
Ыстамбұлда VI Бүкіләлемдік этноспорт мәдени фестивалінде өнер көрсеткен отандық спортшыларымызға жоғарғы баға берілді. Қазақстанның және Азияның бірнеше дүркін чемпиондары Біржан Қосалиев пен Сырым Ізбасаров жұртшылыққа аударыспақты, ал ұлттық құрама мүшелері Нариман Әсімжан мен Азат Түлкібай теңге ілуді таныстырды. Сонымен қатар алдағы қыркүйек айында Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары болатыны атап өтілді. Елдордадағы ауқымды шараға 80-нан астам мемлекет қатысады.
Желал Абдужелил Қаһруман, диаспора өкілі:
- Біз осында туып-өскен 20 мың қазақтың өкіліміз. Этноспорт Түркияда ірі спорттық шаралар қатарында. Бүгін жиналған жұртқа қазақтың салт-дәстүрін танытып, келушілерге қымыз бен ұлттық тағамдарымызды ұсындық. Ұлттық киімдеріміз бен бұйымдарымызды да қойдық. Келіп көріп, сұрап біліп жатқан кісі көп.