Қазақстан құрамасы теңге ілуден Азия чемпионы атанды

Алматы облысында өткен сары құрлықтық додаға 10 елдің спортшылары қатысып, 2 күн өзара мықтыларды анықтады.

Арасында Ресей, Қытай, Монғолия, Венгрия және өзге де көршілес мемлекеттердің өкілдері бар. Қатысушылар сайыстың 3 түрінен яғни “Бес белес”, “Қос құлаш” және “Жеті құт” бойынша сынға түсті.

Амангелді Әбдіқадыров, "Теңге ілу" халықаралық федерациясының президенті:

-Мемлекеттер арасындағы татулықты, ынтымақтастықты күшейтетініне сенімдіміз. Екіншіден, теңге ілу спортының тек Қазақстанда емес басқа да мемлекеттерге дамиды деген сенімдеміз.