Футболдан Еуропа чемпионаты басталады

Кәрі құрлықтың үздік 24 құрамасы Германия төрінде өзара мықтыны анықтайды.

Бірнеше фаворит бар. Бірақ көпшілік Францияның чемпион болатынына сенімді. Ал аутсайдерлер арасынан Украина құрамасы жылдың басты сенсациясына айналады деген болжам бар. Еуро доданың ашылуында әдеттегідей алаң иелері бастап ойнайды. Германияның алғашқы қарсыласы Шотландия. Матч Астана уақытымен түнгі 23:50-де басталады. Біріншілік шілденің 14-іне дейін созылады. Еуропа чемпионатын отандық арналар тікелей эфирде көрсетеді.   

Ермұхамед  Мәулен, сарапшы:

- Басты фаворит Франция құрамасы. Еуропалық футбол мамандары мен журналистер мойындаған. Ең аз коэффицент те осы командаға беріліп отыр. Негізі Франция финалда ойнауы тиіс. Бірақ финалда кіммен ойнайтыны белгісіз.